Елде 100 құқықбұзушылықтың жолы кесілді

  • 5
  • 02.12.2025, 18:40

Бұл ҰҚК-нің биылғы жылғы қараша айындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижесі. Ең көп қылмыстық іс пара алу, пара беру, алаяқтық, лауазымдық өкілеттіліктерді теріс пайдалану, бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу баптары бойынша қозғалған. Аяқталған қылмыстық істер бойынша 409,6 млн теңге өндірілді. Жұмыс әлі де жалғасуда.