Бұған дейін ол бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша жүргізілген еді. Күдікті қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, әуе кемелерін жөндеуге арналған тауарлық-материалдық қорларды заңсыз есептен шығару схемасын ұйымдастырған. МИ-2 тікұшағы мен АН-2 әуе кемелеріне қосалқы бөлшектерді жалған түрде сатып алған. Заңбұзушылықтар тергеу барысында анықталды.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Зауыттың құжаттарында аталған агрегаттар қоймадан алынған және күрделі жөндеу кезінде авиациялық техникаға орнатылған ретінде көрсетілген, бірақ іс жүзінде қолданылмаған. Кейіннен олардың пайдаланылғанын жалған түрде растайтын есептен шығару актілері бекітілген. Мемлекетке келтірілген шығын 110 млн теңгені құрады.Сот санкциясымен күдіктіге тиесілі 2 пәтер мен жер учаскесіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.