Алматыда жер сілкінді

  • 14
  • 04.12.2025, 18:40

Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалары дүмпуді 12:44-те тіркеген. Қалада дабыл қағылып, смартфондарға дереу хабарлама түсті. Дүмпу ошағы оңтүстік шығысқа қарай 277 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді. Нақтырақ айтсақ, эпицентрдің тереңдігі 5 шақырым. Қытайда жер сілкінісі 4,6 бал шамасында болған. Зардап шеккендер мен зақымданған нысандар туралы ақпарат түспеді. Дегенмен сенім телефоны іске қосылды. 

Ерік Әліпұлы, Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық  ғылыми орталығы директорының орынбасары :

- Қалыптасқан сейсмикалық жағдайды талдай келе 2025 жылы сағат 15:00-де Алматы болжау полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атап өтеміз. Алматы болжамдық полигонының аумағында MSK 64K сейсмикалық шкаласы бойынша қатты жер сілкіністері күтілмейді.