46 жалған диплом: заңсыз интернет-ресурстар жабылды

  • 6
  • 05.12.2025, 18:31

Елде 46 жалған диплом мен оларды заңсыз дайындаумен айналысқан 20 интернет-ресурс анықталды. Материалдар Ішкі істер министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолданды. Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша жалған құжат жасағандар мен оны қолданғандар айыппұл төлеп, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Құжат айналымын бақылау үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі 1991 жылдан берілген дипломдардың бірыңғай базасын жасайды. Яғни дипломдар бірегей нөмір мен QR код арқылы белгіленеді. Ал жұмыс берушілер олардың түпнұсқалығын eGov арқылы тексере алады.