Талдықорғанда Айзат Жұманованың өліміне қатысты ашық сот отырысы өтіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, қайғылы жағдай маусым айында Ақсу ауданының Баласаз ауылында болған. Күдікті Айбар Жанболат масаң күйде өзінің әйелін соққыға жығып, артынша ауруханаға жеткізген. Бірақ ауыр жарақат салдарынан жары есін жимаған күйі жантәсілім етті. Қылмысқа қатысты сотталушы жауап беру керек еді. Алайда ол куәлік етуге дайын еместігін айтты. Ал әкесі мен ауылдасы көрген білгенін баяндады. Жалпы бұл істе жиырмадан аса куә бар. Ал марқұмның анасы қызына күйеубаласының бұрын да қол көтергенін айтты. Сондықтан судьядан қатаң жаза беруді сұрады. Аида Қуандықова, жәбірленуші тараптың өкілі:
-Қазіргі таңда қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен сараланып жатыр. Алайда жәбірленуші тарап бұл баппен келіспейді. Қазіргі баппен қозғалып жатқаны ең көп дегенде 15 жылға сотталуы мүмкін. Бірақ біз бұдан да ауыр жаза алғанын қалаймыз және де өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраймыз.