Елден онлайн-казино арқылы 600 млрд теңге шығарылған

  • 7
  • 08.12.2025, 18:30

Қаржылық мониторинг агенттігінің деректері бойынша бұл жүйеге 20-дан астам төлем ұйымы және екінші деңгейлі банк қызметкерлері қатысыпты. Олар ақшаны заңсыз жолмен алып, банк немесе басқа ұйымдар арқылы шетелге шығарған. Сондай-ақ төрт онлайн-казиноға техникалық қолдау көрсетіп, ақша операциялары бойынша кеңес берген call-орталықтың қызметі тоқтатылды. Онда бес елдің 120 азаматы жұмыс істеген.

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- 70-тен астам тінту жүргізіліп, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сот санкциясымен олардың ішінде «Төлем ұйымдары қауымдастығы» басшысының кеңесшісі бар тоғыз тұлғаға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта олардың ішінде шетел азаматтары бар сегіз адамды халықаралық іздеуге жариялау үшін материалдар дайындалуда.