Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Төле би даңғылында жүріп келе жатқан қоғамдық көлік Исаев көшесінің қиылысында жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 18 жастағы бойжеткенді қағып кеткен. Автобус жүргізушісінің қозғалыс кезінде ұялы телефонға қарап отырғаны бейнекамераға түсіп қалған. Жол апатынан зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің бақылауында.
Қоғамдық көлік жүргізушісі:-Адам қағып кеттім машинамен. Мына жерге бір қардым болды. Сол бір секунд қой сол жерде. Адам шығып кетті. Жаяу жүргіншілер жолағымен өткен.
Өкініштісі мұндай оқиғалар жиілеп барады. Бірер күн бұрын Атырауда қалаішілік нөмірі 8-ші автобус жүргізушісі 6 жасар баланы қағып кетті. Жеткіншек алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Полиция департаментінің дерегінше қоғамдық көлік жүргізушісі қамауға алынып, қылмыстық іс тіркелді.