Жетісу облысындағы жол апаты: бүлдіршін санавиациямен жеткізілді

  • 7
  • 11.12.2025, 18:35

Төрт жастағы ұлға енді облыстық балалар ауруханасында операция жасалады. Ал оның інісі мен анасына Сарқан ауданында ем-дом көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, қайғылы жағдай Жетісу облысындағы Қойлық ауылының маңында болды. Қос көліктің бетпе-бет соқтығысуынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы біреуі емдеу мекемесінде жантәсілім етті. Зардап шеккендердің жағдайын дәрігерлер: «Орташа ауырлықта», - деп бағалап отыр.

Біржан Уақанов, Сарқан аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Қазіргі таңда Сарқан аудандық ауруханасында екі азамат жатыр. Жағдайлары тұрақты. Тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында.