Атырау облысында қатты дауыл 23 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті

  • 10
  • 15.12.2025, 18:34

Тұрғын үйлердің қасбеті құлап, бірнеше көлік бүлінген. Боран салдарынан ауылдар мен кейбір ықшамаудандар жарықсыз қалды. Шамамен 100-ден аса нысан электр қуатынан ажыраған. Қазір «Атырау Жарық» мекемесінің 40 бригадасы үзілген желілерді жалғап, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қолайсыз ауа райы салдарын жою жөніндегі жедел штаб шығын көлемін есептеп жатыр.

Жантөре Демешов, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- Қаза тапқан немесе жарақат алған адамдар туралы ақпарат болған жоқ. Атырау қаласында, Индер ауданы, Махамбет ауданы, Құрманғазы ауданында және Қызылқоға ауданында тұрғын үйлер бар, жеке кәсіпкерлік нысандар бар, солардың барлықтарының шатырлары бүлінуі орын алып отыр. Жалпы саны шамамен 50 қызметкер, 8 бірлік техника жұмылдырылған болатын осы жұмыстарға.