Түркістан облысының Келес ауданында көпір құлады

  • 23
  • 18.12.2025, 18:32

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, көпір Қошқарата ауылдық округінің аумағында орналасқан және Келес өзені арқылы өтетін облыстық маңызы бар автожолдың бір бөлігі. Жауаптылар көпірдің апатты жағдайда екені алдын ала анықталып, жол-көлік қозғалысына шектеу қойылғанын айтады. Алайда апат салдарынан ауызсу құбырына зақым келіп, екі ауылға су беру тоқтатылды. Одан бөлек, көрші ауылға қатынап оқитын 50 бала мектепке бара алмай қалды. Олар екінші тоқсанды үйде отырып, онлайн оқитын болды. Балабақшаға баратын жүзге жуық бүлдіршін де ата-анасының қасында болады. Тіршілік нәрі тұрғындарға тасымал арқылы жеткізіледі.   Қазіргі таңда көпірді қайта қалпына келтіру және көлік қатынасын реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жеңіс Лесбаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы:

- Оқиға салдарынан адам шығыны және зардап шеккендер жоқ. Шұғыл түрде аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өткізіліп, аудан әкімінің құзырлы мекемелерге халыққа айналма жолдар бойынша ақпараттандыру, сонымен қатар қатар полиция қызметіне тәуліктік кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды.