Олар жалған келісімшарт жасап, жалдау ақысын нарық бағасынан бірнеше есе қымбаттатқан. Сондай-ақ мүлде пәтер жалдамай қаржыны қалтаға басқан тұлғалар да бар. Тексеруден кейін мақсатсыз пайдаланылған мемлекеттік көмек тоқтатылып, заңбұзушылыққа жол берген тұлғалар тізімнен шығарылды.
Айта кетейік, биыл 3 мың 146 отбасын қолдау мақсатында бюджеттен 540 миллион теңге төлем жасалған. Тұрғын үй көмегі ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен 1-2 топтағы мүгедектігі бар жандарға көрсетілген. Сонымен қатар тұрмыс деңгейі төмен көпбалалы жанұялар қамтылған.