Атырау облысында бір отбасы із-түзсіз жоғалып кетті

  • 250
  • 05.01.2026, 18:43

Тек желтоқсан айында отбасының бір мүшесі туыстарына хабарлама жазып, 10 желтоқсанда келетінін айтқан. Бірақ одан кейін де хабар болмаған соң туыстары 25-желтоқсанда полиция департаментіне арызданған.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жоғалған тұрғындардың ұялы телефоны соңғы рет Шымкент қаласында қосылды. Полиция департаменті іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы іске қатысты қылмыстық іс те қозғалды.

Құттыбай Садықов, облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары:

- Республиканың түкпір-түкпірінде іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар емделу орындары және басқа да жеке емделу орындары тексерілуде. Сұраныс бәрі берілді. Тұлғалардың құрылғылары, ұялы телефондары Қазақстан аумағынан қосылып-өшірілгені анықталды. Ұшқыр топ құрылды. Ішкі істер министрлігінен 2 қызметкер бөлінді. Қазіргі таңда оқиға орыны болған Қызылқоға ауданында біздің топ қызмет атқарып жатыр.