Рудный қаласындағы Соколов шахтасында оқыс жарылыс болды

  • 132
  • 06.01.2026, 18:41

Рудный қаласындағы Соколов шахтасында қазба жұмыстарына жарылғыш заттарды пайдалану кезінде оқыс жарылыс болған. Соның салдарынан 1970 жылы туған жұмысшы ауыр жарақат алды. Оған шұғыл ота жасалып, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиғаның себеп –салдарын арнайы комиссия тексеретін болады. «Соколов-Сарыбай» тау-кен байыту өндірістік бірлестігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, шахтада қазба жұмыстары тоқтаған жоқ.