WhatsApp-та алаяқтықтың жаңа түрі шықты

  • 86
  • 08.01.2026, 18:47

Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын хабарлап, WhatsApp мессенджеріндегі жаңа киберқатерден сақ болу керегін ескертті.

Алаяқтар жалған сілтеме арқылы қосымшаның тіркелу функциясын пайдаланып, аккаунтты «үнсіз басып алады». Яғни сіздің телефоныңыз жұмыс істеп тұрса да, аккаунтыңыз бөгде адамның қолына өтуі мүмкін. Мысалы, сізге жалған парақшаға бағыттайтын хабарлама келеді. Ол жерге телефон нөміріңізді және растау кодын енгізсеңіз, алаяқ аккаунтыңызға кіріп, хабарламалар мен фотосуреттеріңізді иемденіп, тіпті сіздің атыңыздан  басқаларға хабарлама жібере алады. Сондықтан «Байланыстырылған құрылғылар» бөлімін тексеріп, екі факторлы аутентификацияны қосыңыз. Ең дұрысы, күмәнді сілтемелерді ашпаңыз.