Талдықорғанда Айзат Жұманованың қазасына қатысты сот үкімі шықты. Жантүршігерлік қылмысқа марқұмның күйеуі Айбар Жанболат кінәлі деп танылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде өтейді. Сонымен қатар сотталушыдан жәбірленуші тарапқа 20 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілетін болды.
Еске салсақ, қылмыстық оқиға 2025 жылдың маусым айында Ақсу ауданының Баласаз ауылында болды. Бастапқыда іс «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру» бабымен тіркелген. Алайда марқұмның ата-анасы мен қоғам наразылығынан кейін іс қайта сараланып, «Адам өлтіру» фактісі бойынша қаралды.
Әділет Бақытов, судья:
- Айбар Қайратұлы Жанболат ҚР ҚК 99-бабы бірінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп талынып, оған 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын Қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленсін. Жанболатқа қолданылған күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын. Жаза өтеу мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен бастап енгізілсін.