Баланың еміне миллиардтап ақша жинаған ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты

  • 64
  • 09.01.2026, 18:45

Баласының еміне деп халықтан 1,4 млрд теңге жинаған Тотақановтарға қатысты сот үкімі шықты. Ерлі-зайыптылар аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру баптары бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу дерегінше, олар төрт жыл бойы жиналған қаражаттың елеулі бөлігін баланың еміне емес, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Атап айтқанда, екі пәтер, жер учаскесін, сондай-ақ премиум санаттағы төрт автокөлік сатып алған. Сонымен қатар қарыз міндеттемелерін өтеп, жарнама қызметтеріне және тұрмыстық шығындарға қаржы бөлген. Ал баланың еміне бар болғаны 6,4 млн теңге ғана бағытталған. 

Сот үкімімен Тотақановтардың мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мерзімге қайырымдылық қаражатын жинауға байланысты кез келген қызметпен айналысуға тыйым салынды. Сонымен қатар кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты сот ерлі-зайыптылардың біріне жазаны өтеуді екі жылға кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.