Түркияда халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

  • 55
  • 09.01.2026, 18:41

Ол 2024 жылы Қызылорда қаласында жәбірленушілерге зергерлік бұйымдарды төмен бағамен сатып алып беремін деп алдап, қаражаттарын жымқырып кеткен. Салдарынан 8 адам сан соғып, жалпы сомасы 130 млн теңге ақша қолды болған. Ал күдіктінің өзі ел аумағынан тыс жерге бой тасалап үлгерген. Кейін оған халықаралық іздеу жарияланды. 

Ерлан Жанпейісов, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

- Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы ҚР Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен Түркия Республикасынан бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының азаматшасын елге қайтарды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.