Алматыда полицейлер есірткі жасырумен айналысқан 31 жастағы қала тұрғынын ұстады. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тінту барысында одан тыйым салынған зат салынған 25 түйіншекті тәркіледі. Химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат синтетикалық есірткі – мефедрон болып шықты.
Ұсталған азамат «есірткі жасырушы» міндетін атқарған. Төлемді онлайн аударымдар арқылы алып отырған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Полицейлер бұл қылмысқа қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастырып жатыр.