Солтүстік Қазақстан облысында өрт болып, әкесі мен екі баласы қаза тапты. Қайғылы жағдай кеше кешке Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Майбалық ауылында болған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнына келген бетте қамыстан салынған жер үй түгел жанып, төбесі опырылып түскен. Өрттен кейінгі іздестіру шаралары кезінде үйінділер астынан 37 жастағы ер адам мен оның балаларының денесі табылды. Ал үйден шығып үлгерген анасына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Қазір осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Мамандардың айтуынша, өрттің нақты неден шыққаны белгісіз.
Әділ Спаев, облыстық ТЖД басқармасы бастығының орынбасары:
-Өрт сөндіру кезінде ер адам мен және тағы бір баланың денесі табылды. Бүгінгі күні сағат 11:52 2024 жылы туған баланың денесі табылды. Себептері мен жағдайы анықталуда. Арнайы топтық құрамы қызметкерлері жұмылдырылған.