Атырау облысында ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты күдікті деп танылған күйеубаласына халықаралық іздеу жарияланды. Сондай-ақ марқұмдардың қызы, яғни күдіктінің жұбайы да халықаралық деңгейде іздестіріліп жатыр. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам қылмыс жасады деген күдікпен, ал әйел адам, яғни Ақбаян Мұқанғалиева хабар-ошарсыз жоғалу дерегі бойынша іздестірілуде. Еске салайық, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылында бір отбасы із-түссіз жоғалып кетіп, кейін үй иесі мен әйелінің өлі табылғанын айтқан едік. Ал ерлі-зайыптылардың ұлы мен қызы әлі іздестіріліп жатыр.