Оралда медицина қызметкеріне шабуыл жасалды

  • 6
  • 13.01.2026, 21:40

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабына сәйкес іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Оқыс оқиға қалалық көпбейінді аурухананың сырқаттарды қабылдау бөлімінде таңғы 4-терде болған. Панкреатит диагнозымен жедел жәрдем бригадасы арқылы жеткізілген науқас тіркеу-сәйкестендіру кезінде өзінің жеке деректерін айтудан бас тартып, медбикені балағаттайды. Оған араша түскен екінші қызметкерге қол көтереді, киімін жыртып, кішігірім дене жарақатын салады. Оқиға орнына шұғыл шақыртылған тәртіп сақшылары аталған азаматты полиция бөліміне алып кеткен. 

Дияс Жайлаубайұлы, қалалық көпбейінді аурухана директорының орынбасары:

- Медицина қызметкерлеріне көрсетілген зорлық-зомбылық жеке мамандарға ғана емес, бүкіл денсаулық сақтау саласына соққы болып табылады. Аурухана әкімшілігі біздің әріптесімізге толықтай заңгерлік көмек көрсетіп, тергеу мен соттың барлық кезеңінде бірге жүретін болады. Онымен қатар ҚР Қылмыстық кодекстің жаңа бабы бойынша қылмыстық істің қозғалуын қадағалайтын болады.