Маңғыстау облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

  • 8
  • 16.01.2026, 21:32

«Бейнеу-Ақтау» тасжолында жолаушылар автобусы аударылып, 4 адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы 17 жолаушы түрлі дәрежедегі дене жарақатымен Бейнеу аудандық  ауруханасына жеткізілді. Олардың төртеуі жансақтау бөлімінде. Қалған науқастарды травматолог-дәрігерлер қабылдап жатыр.

Жол апаты түнгі сағат 1 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша Ақтаудан Бейнеуге  келе жатқан автобустың жүргізушісі рулге ие бола алмай, көлік трассаның жиегіне аударылған. Ішінде 50 адам болған автобус облыс және ауданаралық бағыттарда жолаушы тасымалдайтын жеке компанияға тиесілі.

Еркебұлан Ізкенов, ПД Бейнеу ауданы пб бөлім бастығы:

- Қазіргі таңда аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-ші бабының 4-ші бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.