Түркістан облысында әкесін өлімші етіп соққыға жыққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Жетісай аудандық соты дәрменсіз күйде болған адамға қасақана дене жарақатын келтіргені және азаптағаны үшін 41 жастағы Алмас Садақбаевқа 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Соттан жеңіл жаза тағайындауды өтінді. Ал прокурор күдіктіні 6 жыл 2 айға соттауды сұраған.
Айта кетейік, сотталушы қозғалуында қиындық болған 70 жастағы әкесін ұдайы ұрып-соққан.
Мұхтар Жолдасбеков, судья:
- 62-бабқа сәйкес, үкім заңды күшіне енгенге дейінгі күзетпен ұстауда болған уақыты шешілді. Қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді. Жәбірленуші өтемақы қорына 20АЕК көлемі мәжбүрлеп өндірілді. Сот сараптамасына жұмсалған қаражат мемлекет пайдасына өндірілді.