Петропавлда із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткердің мәйіті табылды. Ол осыдан екі күн бұрын түс кезінде ауруханаға шығып, үйіне оралмаған. Оны іздеуге полиция департаменті қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары мен еріктілер, барлығы 60 адам жұмылдырылған. Бірақ әйелдің денесі екінші күні таңертең емдеу мекемесінің жанынан табылды. Алдын ала болжам бойынша марқұм далада үсіп қалған. Енді оның анық-қанығын тергеушілер анықтайды.
Нұрсұлтан Елеусізов, қалалық ПБ №2 бөлімі бастығының орынбасары:
- Қазіргі таңда осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Сонымен қатар оқиғаның барлық жай-жапсары анықталу үстінде. Әзірге марқұмның ара-тұра есінен айырылып қалатыны белгілі.