Жылыту маусымы басталғалы елде 1889 өрт болған. Салдарынан 87 адам қаза болып, 64 жан жарақат алды.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері хабарлады. Айтуларынша, тілсіз жау өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда азайған. Қазір ел өңірлерінде өрттің алдын алу бойынша күшейтілген жұмыс жалғасып жатыр. Есепте тұрған әлеуметтік осал топ санатындағы 108 мың азаматтың үйі қауіпсіз күйге келтірілген.
Ал күні кеше Павлодар облысының Ертіс ауылында болған өрт оқиғасына қатысты тергеу жүріп жатыр. Салдарынан 2 бала қаза тауып, тағы екі жасөспірім облыстық ауруханаға жеткізілген еді.
Асқар Төлешев, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары:
- Біздер үйлерді аралаймыз ғой. Әртүрлі кемшіліктер болады. Біздер барғанда былай үйлерді тексермейміз. Біздер тек көзбен қарап, сол кемшіліктерді айтып кетеміз. Қандай көмек керек, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп біздер оларға көмек көрсетеміз. Ол пешке, мұржаға, электрожабдықтарға байланысты болсын.