Жетісу облысында баланы аяусыз ұрған әйел қамауға алынды

  • 7
  • 19.01.2026, 21:48

Жетісу облысында кішкентай баланы аяусыз соққыға жыққан әйелге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Ол қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға Панфилов ауданына қарасты Нұркент ауылында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода шамамен 3-4 жастағы баланың аяусыз соққыға жығылғанын байқауға болады. Оқиғаны әйелдің құрбысы видеоға түсіріп, құқық қорғау органдарына тапсырған. Құзырлы органның мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар ата-ана құқығынан айыру мәселесі де қарастырылып жатыр. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарлауынша, қазір балалар

Руслан Чарапиев, Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары:

-Әйел қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мән-жай анықталғанға дейін отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Қамқоршылық және қорғаншылық органның атына ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарау туралы тиісті ұсыныс жолданатын болады. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында. Тергеу нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалар ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.