Өңірлерде өрт оқиғасы жиілеп барады. Солтүстік Қазақстан облысында өткен жексенбі күні Ольшанка ауылындағы үйлердің бірінде өрт болып, 5 жастағы қыз бала қаза тапты. Мамандардың айтуынша, сол күні анасы бірге тұратын ер адаммен пеш жағып, баласын үйде жалғыз қалдырып кеткен. Апатқа не себеп болғаны белгісіз. Приишим ауылында да бір үй отқа оранып, 1973 жылы туған азамат көз жұмды. Қазір екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды.
Әділ Спаен, облыстық ТЖД басқармасы бастығының орынбасары:
-Үй негізі бізде қамыстан жасалған ішкі құрылысы. Сырты бізде кірпішпен қаланған болатын. Енді үйлер бізде ескі болғандықтан 60-70 жылдардың құрылысы. Сондықтан бұл үйлер дереу тез өртке оранып, толықтай жанып кетті.