Қаржы министрлігі жүргізген аудит нәтижесінде білім ордалары бала санын көбейтіп көрсеткені белгілі болды. Сондай-ақ салықтан жалтару үшін кіріс көлемін кемітіп отырғаны анықталған. Сәйкесінше, кейінгі жылдары жекеменшік мектептерге бюджеттен бөлінген қаржы күрт өскен. 2020 жылмен салыстырғанда 20 есе ұлғайып, 248 млрд теңге аударылған. Қаржы министрінің сөзінше, бұл білім ордаларын бақылауға жауапты тұлғалардың салғырттығынан болған жағдай. Тексеру жұмыстары жалғасуда.
Мәди Такиев, ҚР Қаржы министрі:
- Біз барлық құрылтайшылар мен басшылардың мемлекеттік кірістер деректерін қарадық. 2024 жылы 116 тұлға 895 жылжымайтын мүлік сатып алды. Оның 66-сы 192 көлік сатып алған. Осылайша бір құрылтайшының өзі 76 мүліктің, екіншісі 69 мүліктің иесі болды. Жекеменшік мектептердің едәуір бөлігі үшін мемлекеттік қаржыландыруға қатысу білім беру мақсатында емес, пайда табу құралы ретінде қарастырылған.