Агроөнеркәсіп кешенінде 300 млрд теңге қаржы заңсыз және тиімсіз жұмсалған. Бұл 2023-2024 жылдардағы қаржыландыруға жүргізілген аудит нәтижесі.
Қаржы министрі Мәди Тақиевтің мәліметінше, ауыл шаруашылығын қолдау үшін тек соңғы екі жылда шамамен 1,2 трлн теңге бөлінген. Бірақ қаржы діттеген жеріне жетпеген. Мәселен, шаруаларды субсидиялау кезінде 5,5 млрд теңге көлеңкелі схемаларға кеткен.
Атап айтқанда, бір ірі қара мал 808,1 млн теңгеге сатылған. Сондай-ақ 177 млн теңге микронесие алуға рұқсаты жоқ шаруаларға берілген. Ал инвестициялық жобалар бойынша 13,3 млрд теңге тиімсіз жұмсалған.