Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында үш азамат өртеніп кетті. Оқыс оқиға Северная көшесіндегі жеке үйлердің бірінде болған. Құтқарушылар жеткенде қызыл жалын тұрғынжайды түгел шарпып үлгерген екен. Үйдің орнынан үш адамның мәйіті табылды.
Құқық қорғаушылардың дерегінше, отқа оранған мекенжайда жалғыз адам тіркелген. Өзге екеудің кім екенін тергеушілер анықтап жатыр. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалған.
Дамир Салихов, БҚО ТЖД басқарма бастығы:
- Өрт 90 шаршы метр аумақты толығымен жойды. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті жоюға департаменттің жеке құрамынан 14 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды.