Жамбыл облысында сарбаз қаза тапты

  • 941
  • 29.01.2026, 11:25

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жатқан сарбаз қаза тапты. Қайғылы оқиға кеше Отар ауылы Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде болған. Жауынгердің қаза тапқанын Бас прокуратура растады.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, 18 жастағы сарбаз снайперлік мылтықтан байқаусызда өзіне оқ атып алған. Марқұм әскер қатарына былтыр күзде Алматы облысынан шақыртылған екен. Бұл іс бойынша Ішкі істер министрлігі сотқа дейінгі тергеу жүрзізуде. Қазір қайғылы жағдай болған бөлімшеге прокурордың орынбасары, Бас әскери прокурор, Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаментінің басшысы жіберілген

Мереке Көшекбаев, ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы:

- Әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен жан-жақты қолдау көрсетіледі. Аталған факт бойынша ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның барысанда болған оқиғаның барлық себептері мен мән-жайлары анықталады.