Биыл 25 күн ішінде киберқылмысқа қатысты 90-ға тарта іс тіркелді. Былтырдың өзінде 1426 атыраулық интернет-алаяқтардың құрбаны болған. 1 млрд теңгеден астам шығын келді.
Бұл туралы студенттермен кездескен қалалық прокуратура өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, алаяқтардың арбауына көбіне студенттер мен қарттар түседі. «Ал олардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіптің алдын алу маңызды», - дейді прокурорлар.
Бақытгүл Бақұлова, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры:
- Кездесудің негізгі мақсаты – осы интернет алаяқтықтың негізгі айла-тәсілдері, оларға алданбау жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әсіресе осы «Қазатомөнеркәсіп» сияқты компаниялардың атауларын пайдаланып, жалған инвестициялық жобаларды өткізуде. Қазіргі таңда соған ерекше көңіл бөлініп, назар аударылуда.