Президент Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында азаматтар қылмыстық қаржы схемаларының құрбанына айналып жатқанын атап өтті. Осыған орай елордада техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 60 куратор-жетекшісі, мемлекеттік органдар мен студенттер бас қосып, «Заң және тәртіп» құндылығын қалыптастыру жолдарын талқылады.
Кездесуде дропперліктің жастар үшін қаупі, жеке деректерді қорғау, интернеттегі қатерлердің алдын алу талқыланды.
Айта кеткен жөн, былтыр елде дропперлікке қатысты 195 мыңнан астам шот бұғатталған.