Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылды

  • 1143
  • 29.01.2026, 11:37

Қызылорда облысында жолдың қалаға дейінгі бөлігінде және Маңғыстау облысында Бейнеу мен Жетібай аралығында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Қазіргі таңда жолдарды күтіп ұстауға 786 бірлік техника жұмылдырылған. Мамандар жүргізушілерден сақтықпен жүруді сұрайды.

Синоптиктер алдағы күндері аяз басылып, тұман мен желдің күшеюі мүмкін екенін ескертеді. Елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында қар жауып, боран, көктайғақ болады.

Аружан Мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:

- Ауа температурасына келетін болсақ, республиканың барлық аумағында біртіндеп жоғарылау байқалады. 31 қаңтар күндіз ауа температурасы батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде –5°С-тан +5°С-қа дейін, ал солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және елдің орталығында –2°С-тан –10°С-қа дейін жетеді.