Жаңаөзенде дәрігер жұмыс орнында көз жұмды

  • 1085
  • 29.01.2026, 21:33

Жаңаөзенде ер адам дәрігерге пышақпен шабуыл жасап, медицина қызметкері жұмыс орнында көз жұмды. Оқыс оқиға 28 қаңтар күні қалалық ауруханада болған. Күндізгі сағат 2 шамасында күдікті емдеу мекемесіне келіп, 29 жастағы дәрігер-терапевтпен сөзге келген. Алдын ала дерек бойынша кикілжің отбасылық-тұрмыстық сипаттағы жанжалдан туындаған. Кейін күдікті полиция басқармасына өзі барып, жасаған қылмыстық әрекетін мойындаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. 

Абай Сүйрибаев, Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының тергеушісі:

-Бұл дерек бойынша ҚР қылмыстық Кодекстің 99-бабы, 1-тармағына сәйкес іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі толық анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.