ШҚО-да пара алған екі шенеунік ұсталды

  • 1446
  • 30.01.2026, 21:36

Шығыс Қазақстанда екі шенеунік пара алды деген күдікпен ұсталды. Жол саласына кешенді тексеру жүргізу нәтижесінде өңірдегі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы күдікке ілініпті. Ол пара алды және лауазымдық өкілеттікті теріс пайдаланды деп айыпталуда.

Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті жол құрылыс компаниялары және автобус парктерінің өкілдерінен 134 млн теңге заңсыз сыйақы алған. Мамандар оның тұрғын үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың доллар тәркілепті. Ал келесі ұсталған тұлға білім саласының өкілі. 

Қайырлы Ахмет, ҚР ҰҚК ресми өкілі

- Сондай-ақ білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол мұғалімдердің аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақшалай қаражат алған. Сот санкциясымен көрсетілген адамдар қамауға алынды.