Алматыда қылмыстық ортаның «серкесі» ұсталды

  • 1224
  • 03.02.2026, 21:31

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық ортаның өкілін Алматыда ұстады.Тергеу деректері бойынша күдікті адамдарды бопсалап, ірі сомада ақша талап еткен.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін оның екі сыбайласы Шымкентте ұсталған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.