Бір айда 18 млрд теңге залал келтірген сыбайлас жемқорлық істері әшкереленді

  • 1108
  • 03.02.2026, 19:33

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері тіркелген жемқорлық деректерін де жариялады. Қаңтарда 126 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген болса, соның 110-ы сыбайлас жемқорлық фактісі.

Басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымды өкілеттіктерді теріс пайдалануға қатысты. 89 адамның заңсыз қызметі тоқтатылған. 121 іс сотқа жолданды. Келтірілген залалдың көлемі - 18 млрд теңге. 100 млн теңгеден астамы ел қазынасына қайтарылды.