Қарағанды облысында пайдалы қазбаларды заңсыз игеру фактісі әшкереленді. Тергеу мәліметіне сәйкес, бір кәсіпорын төрт жыл бойы лицензиясыз темір рудасын өндіріп, оны шетелге заңсыз экспорттаған. Соның салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам залал келтірілген. Қылмыстық іс аясында үш адам қамауға алынып, 500 млн теңгеден аса мүлікке шектеу қойылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.