Алматыда мемлекетке қайтарылуы тиіс жерді заңсыз сатпақ болғандар сотталды

  • 1102
  • 06.02.2026, 21:35

Алматыда мемлекет меншігіне өтуі тиіс болған мүлікті заңсыз иемденген қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты. Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Коспаевтың басшылығымен әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтаған. Олардың«AV-Construction», «Стекольный завод», «Шалқар 17», «Бахар-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерін және басқа да кәсіпорындарды рейдерлік жолмен басып алғандығы әшкереленген. 

«Никольский» базары аумағындағы жер телімі мен мүлікке сот шешімімен тыйым да салынған. Алайда былтыр қыркүйекте Аслан Пухаев, Антон Соловьёв пен Жақсылық Сәрсенбаев «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізу арқылы аталған тыйымды заңсыз алып тастауды ұйымдастырған. Кейін құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер телімі жалған тұлғалардың атына рәсімделген. Сот үкімімен кінәлілер 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. 

Үкім заңды күшіне енді. Мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.