Павлодарда бюджет қаржысын жымқырғандар жауапқа тартылды

  • 1365
  • 06.02.2026, 21:41

Мемлекет қаржысын талан-таражға салған 160 адам жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 11 адамға қатысты айыптау үкімі шығарылды. 

Павлодар облысында прокурорлар мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғады. Қадағалаушы орган жалпы сомасы 32 млрд теңгені құрайтын заңсыз мемлекеттік сатып алудың күшін жойды. Сонымен қатар 24 млрд теңге көлеміндегі негізсіз бюджет шығыстарының алдын алу нәтижесінде мемлекет пайдасына 3 млрд теңге өндірілді. Заңсыз әрекеттерге жол берген тұлғаларға 1 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. Мемлекет қаражатын жымқыру және қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану фактілері құрылыс пен цифрландыру салаларында анықталды.

Әділ Жұмабеков, облыстық прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры:

- Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы сотталды. Орындалмаған жұмыстар үшін 451 млн теңге төлеу және цифрландыру саласында 150 млн теңге жымқыру фактілері бойынша тергеп-тексерулер басталды. Жауапкершілікке 160 адам тартылып, 11 адамға қатысты айыптау үкімдері шығарылды.