Таразда екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберген әйел қамалды

  • 1433
  • 09.02.2026, 21:34

Таразда екі баласын 5-қабаттан лақтырып жіберген 36 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қайғылы оқиға Төле би көшесіндегі жатақханалардың бірінде болған. Көршілерінің айтуынша, келіншек  күйеуімен жанжалдасып қалған. Артынша оған ерегісіп, 5 жастағы қызы мен 3 жасар ұлын терезеден тастап жіберген. Кейін өзі де секірмек болған. Ауыр жарақат алған бүлдіршіндер қазір облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың аяқтары мен жақ сүйектері сынып, миларына зақым келген.

Мәулім Кенжалы, Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері:

-Қазіргі таңда балалардың жағдайы тұрақты ауыр. Аяқ жарақатын алған қыз бойынша бүгінге операция жоспарлануда. Репозиция сал сүйегінің жабық репозициясы және металлостиосинтез. Екінші бала бойынша ақпарат, бас миының жарақаты және денесінің бетінің көптеген сырылу жарақаттары бар.