Ақтөбеде жеке тұрғын үйлердің бірінен 33 жастағы әйел мен оның үш баласының мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша олар табиғи газдан уланған. Анасымен бірге 11 жастағы қызы және 6 мен 3 жасқа толған екі ұлы көз жұмды. Қайғылы оқиға шаһардың Алматы ауданында болған. Мамандар баспанада көгілдір отын жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан болуы мүмкін деп отыр. Оқиғаны жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды.
Рүстем Өтешов, Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі:
-ТЖД және ІІД тергеп тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл себеп неден болғандарын сол тергеп тексеру амалдары жүргізілгеннен кейін белгілі болады. Марқұмдардың отбасына, ағайын-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Және әкімдік тарапынан қолдау білдірілетін болады.