Маңғыстауда медициналық ұйымдар бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады. Мекеме өкілдері жалған қызмет көрсетіп, ақшаны заңсыз түрде басқа шоттарға аударып отырған. Келтірілген шығын 600 млн теңге. Бұдан бөлек, іс жүзінде жеткізілмеген дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар үшін де төлем жасалғаны анықталды. Сондай-ақ біліктілік деңгейі талапқа сай келмейтін мамандар жұмыс істеген. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.