Полицейлер жеке қоймалардың бірінен екі жүк цистернасы мен 1033 дана құтыға құйылған азот тотығын тапты.
Жедел тергеу іс-шаралары барысында есірткі заты Ресейден заңсыз жеткізілгендігі анықталды. Күдікті ретінде Өзбекстан азаматы ұсталды. Қазір Қылмыстық кодекстің 302 бабы, 2-тармағы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Берік Айсин, облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде «көңіл көтеретін газ» деген атаумен танымал болған азот тотығының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу бөлігінде заңнамалық түзетулер күшіне енді. Күшті әсер ететін заттардың заңсыз әкелу, сақтау немесе өткізу әрекеттері шекарадан бастап соңғы тұтынушыға дейін барлық кезеңде қатаң түрде жолы кесілетін болады.