ІІМ: Ел бойынша екі есірткі зертханасы жойылды

  • 1259
  • 11.02.2026, 21:41

Ақпанның алғашқы онкүндігінде ел бойынша 2 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Жалпы осы кезеңде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 158 құқықбұзушылық тіркелген. Жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 1,7 тонна прекурсор мен 20 келі есірткі тәркіленді.

Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы:

- Жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында есірткіге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге ерекше көңіл бөлінуде. Онкүндік ішінде 20 мыңнан астам жасөспірім мен жастарды қамтыған 430 профилактикалық кездесу өткізілді.