Шымкенттегі Бадам өзенінде балықтар қырыла бастады

  • 1397
  • 11.02.2026, 21:44

Бадам өзенінде балықтар жаппай қырыла бастады. «Арал – Сырдария» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен экология департаментінің мамандары мұның себебін өңірдегі экологиялық жағдаймен байланыстырып отыр. Бұл жолы ұзындығы 7 шақырымдай жағалаудан 900 келіден астам өлген балық жиналды. Олардың көбі тұқытектес.

Алдын ала жасалған болжам бойынша бұл жағдай құбыр жарылып, кәріз суының өзенге құйылуынан болған. Экологтар судың құрамында қышқыл ерітіндісі бар екенін анықтады және оны кәріз жүйесіне төгуге болмайтынын айтып отыр. Қазір экологиялық талаптарға сай жұмыс істемеген кәсіпорынды анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Саттар Әжіханов, «Арал-Сырдария» облысаралық бассейндік Балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы:

- Қазіргі таңда сол 902 келі өлген балықтардың шығыны, мемлекетке келтірілген залалы толығымен есептелді. Енді біз құқық қорғау органдарына арнайы хат жаздық. Енді кінәлі тұлғалар анықталған соң сол кісілерден  мемлекетке келтірілген залал сот арқылы өндірілетін болады.