Маңғыстау облысында есірткі тасымалымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілердің пәтерін тінту кезінде жалпы салмағы 1,5 келіге жуықтайтын апиын мен ірі көлемде ақша тәркіленді. Полиция қолға түсірген 4 ер адам жергілікті тұрғындар болып шықты. Сарапшылардың пікірінше, ауған текті апиын бұл өңірде сирек кездеседі. Қазіргі кезде есірткінің облысқа қалай келгені анықталып жатыр. Таяуда Жаңаөзенде еліктіргіш зат «опий» тасымалымен шұғылданған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.
Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы:
-Қылмыстық заңнаманың 297-ші бабының, 3-ші бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Барлық ұсталған тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі жеткізу арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыс жалғасуда.