Жетісу облысының сауда орнында жарылыс болды

  • 938
  • 16.02.2026, 21:48

Жетісу облысында болған жарылыстан жапа шеккен 3 адам Ескелді аудандық ауруханасына жеткізілген. Олар амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді. Айта кетейік, кеше кешкісін Қарабұлақ ауылындағы сауда орындарының бірінде газ қоспасының жиналуынан жарылыс болды. Салдарынан ғимараттың сыртқы қабырғасы мен шатырының бір бөлігі опырылып түскен.

Алмас Смағұлов, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

-Жетісу облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдардан шамамен 40 қызметкер және 8 техника бірлігі жұмылдырылды. Қазіргі уақытта құтқарушылар үйінділерді аршу жұмыстарын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.