Қызылордада медицина қызметкеріне қол көтерген тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Оқиға дәрігерлік амбулаторияда болған. Айыпталушы науқастарды қабылдап отырған медбикенің кабинетіне рұқсатсыз кіріп, жанжал шығарған. Кезек тәртібін сақтауды талап еткен ақ халаттының жағасынан ұстап, оған жұдырық жұмсаған. Салдарынан медицина қызметкерінің денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келген.
Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, 1 жыл бас бостандығын шектеді.